ЕҚЫҰ жұмысымен танысу мақсатында Орталық Азия жастары желісі түлектерінің Венаға сапары
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/9/9/116470.jpg?1517407236)
2014 жылы 28 ақпанда, Орталық Азия жастары желісінің (CAYN) бес қатысушысы ЕҚЫҰ институттарының жұмысымен және Ұйымның қауіпсіздік мәселелеріне кешенді тәсілімен танысу мақсатында Венаға өзінің үш күндік танысу сапарын аяқтады.
Топтың құрамына Орталық Азиядан және басқа өңірлерден 60 студент бірге жиналған, Қазақстанда Алматы қаласында бесінші жыл өткізілген, барлық бес Орталық Азия елінің CAYN 2013 семинарының жұмысына көрнекті салымының негізінде таңдап алынған өкілдер кірді.
Осы сапар кезінде студенттер Хофбургтегі ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің сессиясына қатысты және ЕҚЫҰ Хатшылығының әртүрлі бөлімшелерінің өкілдерімен кездесті. Олар Швейцария төрағалығынан 2014 жылғы ЕҚЫҰ басымдықтары туралы білді және ЕҚЫҰ жанындағы Ресей Федерациясының және Құрама Штаттар өкілдіктерінің мүшелерімен қауіпсіздіктің сын-қатерлерін шешу жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, олар Венадағы Король Абдулла атындағы Халықаралық дінаралық және мәдениаралық орталыққа сын-қатерлерді және өңірдің мүмкіндіктерін талқылау үшін барды.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы Өзбекстанда табысты студенттердің білімін арттыру және қазіргі қауіпсіздіккке төнген қатерді әрі мұндай қауіп-қатерлерге орай әрекет етуде ЕҚЫҰ рөлін түсіндіру мақсатында құрылды. Бұл топ өңір студенттерінің желіге бірігуіне ықпал етті.
Астанадағы Орталық сапарды ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы басқа да далалық миссиларының және шиеленістердің алдын алу Орталығының қаржылық және логистикалық қолдауымен ұйымдастырды.