ЕҚЫҰ Орталығы судъялардың адам саудасына қатысты істерді қараудағы
Адам саудасына қатысты істерді қарауда судьялардың дағдысын жақсартуға бағытталған сегіз семинарлар топтамасының ішіндегі соңғысы ЕҚЫҰ қолдауымен 21 қараша 2013 жылы Астанада өткізілді. ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы аталған семинарларды Мемлекеттік басқару академиясымен, Жоғарғы Сотпен және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесе ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың он айы ішінде адам саудасына қатысты қылмыстық істерді қарастыру кезінде ұлттық және халықаралық құқықтық құралдарды тиісті пайдаланудың жолдарын Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған 250-ге жуық судъя талқылады.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 30 судьяларымен және басқа да мемлекеттік қызметкерлермен Қазақстан, Молдова, Түркия Жоғарғы Соттарының судьялары, сонымен қатар жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мемлекеттік басқару академиясының Заң төрелігі институты директоры Мұрат Бейбітов Қазақстан судъяларының біліктілігін арттырудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударып, елдегі адам саудасына қатысты істерді қарастыру тәжірибесін халықаралық және ұлттық стандарттарға сай толық сәйкестендіру керектігі туралы сөз қозғады.
Бұл семинарлар адам саудасынан зардап шеккендердің қорғалуы мен олардың сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша ЕҚЫҰ Орталығының ұзақ мерзімді күш-жігер салу ісінің құрамдас бөлігі болып табылады.