БАҚ мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер – ЕҚЫҰ қолдайтын Қазақстандағы парламенттік отырыстың тақырыптамасы
АСТАНА, 20 ақпан 2014 ж. – Бүгін Мәжілісте, Қазақстан Парламентінің төменгі палатасында ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген сараптамалық кеңес отырысында қаралатын тақырыптардың қатарында Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобаларының шеңберінде БАҚ мәселелері де болды.
Кездесуді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетімен және Интерньюс Қазақстан үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Отырысқа қайта қаралған Қылмыстық кодексті және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті екінші оқылымға дайындау жөніндегі парламенттік жұмыс топтарының мүшелерін, жергілікті және халықаралық медиа-сарапшыларды, үкіметтің, ҮЕҰ және академиялық топтар өкілдерін, сондай-ақ журналистерді қоса шамамен 50 қатысушы қатысты. Олар заң жобасын диффамация және жала жабу, журналистерді қорғау және БАҚ жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жаза қолдану көзқарасынан қарады.
«Пікір білдіру бостандығы демократияның негізгі идеясы болып табылады. БАҚ тәуелсіздігін, идеялармен алмасу, айтылу және сынау бостандығын қамтамасыз етпей бұған жетуге болмайды», - деді елші, Астанадағы Орталықтың басшысы Наталья Зарудна. «Плюралистік қоғамда мемлекеттік мекемелер өз қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың ақпарат алуға құқығын құрметтеуге және қолдауға тиіс. Сондықтан, бүгін талқылап отырған осы қағидаттар Кодекстер жобаларында тиісті түрде көрсетілгені өте маңызды».
Парламенттің Қылмыстық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан Әбдіров кодекс жобасын халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер ретінде Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес дайындауда ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және сөз бостандығын қамтамасыз ету арасындағы заңнамада ең жақсы теңгерімді қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам мен медиа-сарапшылар арасындағы өнімді диалогтың маңыздылығына баса назар аударды.
Іс-шара тиімді заң реформасына, Қазақстандағы ақпаратқа және сөз бен сөйлеу бостандығына жетуге көмектесу жөніндегі ЕҚЫҰ Орталығының ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.