ЕҚЫҰ-ның негізгі құжаттарының бұл жинағы басқа тілдердің қатарында қазақ тіліне аударылған.
Мəскеу кеңесінің құжаты
1991 жылы адами өлшем бойынша Конференцияның үшінші кезеңінде қабылданған Мәскеу тетігі Вена тетігін толықтырып, күшейтеді. Аталған тетік адами өлшемге қатысты нақты мәселе немесе проблеманы шешу үшін қатысушы мемлекеттерге көмек ретінде сарапшылар миссиясын жіберуге мүмкіндік береді.
1990 жылғы ЕҚЫК/ЕҚЫҰ Копенгаген құжатында бейбіт жиналыстар мен шерулер, өз меншігін бебйбіт мақсаттарда пайдалану және балалар құқықтары секілді бірқатар адам құқықтары және негізгі бостанықтары орын тапқан. Құжатта ұлттық азшылықтарға қатысты баптар және сайлауға қатысты міндеттемелерді қамтитын кеңейтілген адам құқықтары мәселелері енгізілген.
Екінші ЕҚЫК мемлекет немесе үкімет басшылары Саммиті, Париж, 19-21 қараша 1990. Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында орын алған нақты баптарды іске асыруға арналған Қосымша құжат.