ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын зерттеу мақсатында Украинаға таныстыру сапарын ұйымдастырды
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын зерттеу мақсатында Украинаға таныстыру сапарын ұйымдастырды
21 мен 23 қараша аралығында ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетімен бірлесе отыра ЕҚЫҰ Украинадағы Жобалары Үйлестірушісі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен парламент депутаттары мен жоғары лауазымды ресми тұлғалардың қатысуымен Украина астанасы Киев қаласына таныстыру сапарын ұйымдастырды. Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура, Ішкі істер және Әділет министрлігі, Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өкілдері, Адвокаттардың республикалық алқасы мүшелері - барлығы 10 өкілден құралған делегация, бұдан бір жыл бұрын күшіне енген Украинаның Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қолдану тәжірибесін зерттеді.
Сапар бағдарламасы бойынша делегаттар Жоғарғы Радаға (Украина парламенті), Президент әкімшілігіне, Ішкі істер және Әділет министрлігіне, Жоғарғы Сотқа және Адвокаттар алқасына барып қайтты.
Жоғарғы Рададағы өткен кездесулер барысында делегация мүшелері Украина парламентінің Құқық қорғау қызметін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері комитетіндегі, сонымен қатар Құқықтық саясат мәселелері комитетіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасты. Оған қоса кездесуге қатысушылар екі мемлекеттегі жүргізіліп жатқан заңнама реформасын, заң шығару мен заң қолдану тәжірибесін және бұл саладағы Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға салды.
Украинаның 2012 жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодексін үлгі етіп, қылмыстық сот төрелігін ізгілендіруге (гуманизация) бағытталған әдістерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл әдістер сотқа дейінгі жеңілдетілген рәсімдеу, кінәны мойындау бойынша мәмілеге келу, қорғаушылардың қылмыстық процесстегі рөлі, сот бақылауының ауқымы мен тетіктері және сот процессінің толық кезеңі бойында бақылау органдарының жауапкершілігі сияқты мәселелерді қамтиды.
Сонымен қатар делегация мүшелері ғылыми қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдарының, соның ішінде Құқықтық саясатты ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен кездесу өткізді.
Делегацияны ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер алып жүрді.