ЕҚЫҰ орталығы Қазақстан Республикасында Орхус Конвенциясын іске асыру заңнамасын жетілдіруге көмектесуде
АСТАНА, 13 қараша 2013 ж.- Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Орхус конвенциясының шеңберіндегі Қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мен шешім қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және ақпаратқа қол жеткізуі туралы заң актілеріне енгізілген түзетулерді талқылауға қолдау көрсетті.
Іс-шара 2013 жылдың 13 қарашасында Астана қаласында өтті, оны ұйымдастыруға Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы мен Ұлттық Орхус Орталығы қатысты.
Өкіметтің, азаматтық қоғамның, ғылыми орталардың 50-ден астам сарапшысы, парламент пен Жоғарғы сот мүшелері, сондай-ақ бүкіл елден Орхус орталықтарының өкілдері Орхус конвенциясының ережелеріне толық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге тиісті заң жобасын талқылады. Олар қоршаған ортаны басқаруға азаматтық қатысуды арттыру мақсатында құқықтық және институционалдық негіздерді жақсарту жөнінде нұсқаулар әзірледі.
2001 жылы Қазақстан БҰҰ Экономикалық комиссиясының Қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мен шешім қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы, ақпаратқа қол жеткізу туралы Еуропаға арналған Конвенциясын (Орхус конвенциясы) ратификациялады, қазіргі уақытта конвенцияның сақталуы жөнінде ұлттық есеп әзірленуде.