ЕҚЫҰ Орталық Азияда су ресурстарының басқарылуына ықпалдасуда
Алматы, Қазақстан, 12 қараша 2013 жыл – бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Алматы қ. Қазақстан-Неміс университетінде су ресурстарын бірлесіп басқару (СРББ) саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер туралы басылым таныстырылды.
«СРББ концепциясының Орталық Азияда қолданыс табуы: қолданыстағы тәжірибе мен даму келешегі» басылымы саясаткерлерге, су шаруашылығы органдарына, су ресурстарын басқару және қоршаған орта мәселелерімен айналысатын зерттеушілер мен сарапшыларға бағытталған.
«Аймақтағы су және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін диалог пен ынтымақтастықтың маңызы зор. Таныстырылып отырған бұл басылым осы саладағы білім алмасуда, әлеуетті арттыруда пайдалы ресурс болары анық», деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер.
«Су ресурстарын экологиялық орнықты басқару жасыл экономикаға көшу жолында шешуші мәнге ие болмақ. Қазақстан су ресурстарын бірлесіп басқарудағы ұстанымдарды іске асыруда маңызды қадамдарға барды», деді Халықаралық Арал құтқару қорының атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Әмірхан Кеншімов.
«СРББ Орталық Азияда өз тарихы бар. Іске асырылған жобалардың нәтижесінде проблемалар аймақта жергілікті жағдайлар мен мәдениеттің ескерілуімен шешімі өз шешімін тапты. Мұндай тәжірибе нәтижесінде алынған білім СРББ болашақтағы бастамаларында іске асырылуы мүмкін», деді профессор, Қазақстан-Неміс университетінің декан Йохан Герлах.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен ЕҚЫҰ Тәжікстандағы бюросы Шекара аралық су нысандарын басқару мәселелері бойынша аймақтық диалогқа қолдау көрсету жөніндегі орталықтың қызметі шеңберінде Қазақстан-Неміс университетімен, Ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен, БҰҰ Еуропадағы Экономикалық комиссиясымен, БҰҰ Даму бағдарламасымен және Гете Институтымен ынтымақтастықта осы басылымның жарық көруіне қолдау көрсетті.