ЕҚЫҰ орталығы прокурорларға Қазақстандағы киберқылмыспен күресуге жәрдемдесуде
АСТАНА, 5 қараша 2013 ж. - Бүгін Астана қаласында прокурорларға бағытталған киберқылмыспен күрес тақырыбына арналған екі күндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Ұлттық және халықаралық сарапшылар өткізіп отырған курс киберқылмысқа қатысты жаһандық мәселелерге, атап айтқанда қылмыстық топтардың заманауи компьютерлік жүйелерді теріс пиғылды әрекеттерге жиілеп қолдану мәселесіне арналған.
Киберқылмысты қудалау әлеуетін нығайту мақсатында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Бас прокуратура институтымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға елдің барлық аймақтарынан 30 жуық прокурор қатысты.
Оқу материалдарына киберқылмысты тергеу және қылмыстық қуғындау, ақшаның жылыстатуымен күрес жүргізу және лаңкестікті қаржыландыруына қарсы әрекет қолдану саласындағы үздік тәжірибе мен әдістер кірді.
«ЕҚЫҰ киберқылмыспен және Интернет желісін лаңкестік мақсаттарда пайдаланылуымен күресуге бағытталған іс-қимылдарға 2005 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді», - деді Орталық басшысы, елші Наталия Зарудная. «Осы тұста біз киберқылмыспен жүргізілетін күрестің адам құқықтары мен бостандығына нұқсан келтірмеуіне де ерекше назар аударамыз».
Бас прокуратура институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова: Киберқылмыскердің «көзден таса болуы» және «ұзын қол» арқылы жеке, қызметтік, әскери, қаржылық және т.б. болсын кез келген қорғалатын ақпаратқа қол жетімділігі қылмыс әлемінің өкілдерін айтарлықтай қызықтырады. Бүгінгі шараның мақсаты – құқық қорғау органдарына қылмыстың бұл түріне қарсы шұғыл әрі адекватты түрде іс-қимылдар жүргізуге жағдай жасайды ».
Тренинг ЕҚЫҰ Орталығының ақшаның жылыстатуына, лаңкестікті қаржыландыруына қарсы күрес және Интернет желісінің қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуын болдырмау бойынша жүргізетін іс-әрекеттерінің бір бөлшегі болып табылады.