Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы саяси партиялардың жұмысын жақсартуна ықпалдасуда
Қазақстан, Қостанай қ., 11 қазан 2013 жыл – Бүгін Қостанай қаласында Қазақстандағы саяси партиялардың жұмысын жақсарту мәселесіне арналған семинарлары өз мәресіне жетті.
Семинарлар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» үкіметтік емес ұйымының жобасы аясында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында өткізілді.
Партия жұмысының ұйымдастырушылық, заңнамалық және қаржылық тұстарын, жұртшылықпен байланыс орнату, сондай-ақ партия өкілдерінің парламент пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеуі мәселелерін талқылау мақсатында семинарлардың жұмысына саяси партиялардың 120 астам өкілі қатысты. Бұған қоса қатысушылар партиялық құрылыстың гендерлік тұстарын, дәлірек айтқанда, саяси партиялар арасында, соның ішінде саяси механизмдер арқылы шешімдердің қабылдануына әйелдердің қатысуын ұлғайтудың үздік тәжірибесі талқыға салынды.
«Тиісінше дайындалып, қолданылып жүрген заңдар мен қаулылар саяси партиялар өздерінің басты демократиялық функцияларын тиімді жүзеге асыра алатын жағдайдың қалыптастырылуына ықпал етпек», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер. – «Сол себепті Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ЕҚЫҰ міндеттемелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес саяси партияларды реттеудің оңтайлы заңнамалық шарттарын құру бойынша диалогын жүргізуге, үздік тәжірибе алмасуға жағдай жасайды».
Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының Президенті Зәуреш Батталова: «Азаматтар өздері сайлайтын өкілдері арқылы мемлекеттік басқару құқығын жүзеге асырады. Сондықтан барлық азаматтар үшін өкілдік парламентке және күшті, бәсекелестік қабілетті саяси партиялардың болуы өте маңызды».
Мұнымен қоса жоба аясында Польшаға танысу сапары, Астанада қаласындағы халықаралық конференция жүргізіліп, ақпарат материалдары жарияланып таратылды.