ЕҚЫҰ орталығы Солтүстік Қазақстанда «жасыл өсімге» ықпалдасуда
ПАВЛОДАР, Солтүстік Қазақстан, 27 қыркүйек 2013 ж. – бүгін 100 жуық адам Павлодар қ. өткен «жасыл өсім» және Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясына арналған ЕҚЫҰ конференциясына қатысты. Салтанатты шара Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), Павлодар облысының жергілікті әкімшілігінің, Жасыл «экономика үшін коалиция және G-Global дамыту» үкіметтік емес ұйымының серіктестігімен және ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өтті. Конференцияға Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының іскери, ғылыми және мемлекеттік орталарының өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Іс-шара жергілікті басшылар, менеджерлер мен мамандар үшін экологиялық таза экономикаға көшу және аймақтардағы нақты мұқтаждықтарға сәйкес «жасыл шешімдерді» табу мәселелерін талқылау үшін жақсы мүмкіндік ұсынды.
«Қазақстан жаңа жасыл өсім стратегиясының арқасында орнықты дамудың негізгі мақсаттарына жету жолында үлкен қадам жасады», деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная. «ЕҚЫҰ орталығы елдің жасыл экономикаға көшу жолындағы іс-қимылдарына бұдан әрі де қолдау көрсетуге дайын».
Нұржан Әшімбетов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары: «Әзірленген концепция жергілікті деңгейде іске тиімді асуы үшін біз алдағы жеті жылда жасыл экономикаға көшу жөнінде аймақтық жоспар қабылдадық. Бұл жоспар су ресурстарының тиімді пайдаланылуының, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің арттырылуының және электр энергияның пайдаланылуының, жоғары көрсеткішті ауыл шаруашылығының дамытылуының, қалдықтарды басқару процестерінің жетілдірілуінің және қоршаған ортаның ластануының азайтылуының ескерілуімен аймақтағы экономиканың басты салаларының дамуын көздейді».
Мұндай шара бүкіл ел аумағында әр аймақтарда өткізілетін болады. Аталмыш шара Қазақстанның жасыл экономикаға көшудің ұлттық стратегиясын іске асыруда мәліметпен қамтылуды арттыруға және әлеуетті жоғарылатуға бағытталған. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сұрауымен жалпыұлттық бағдарламаға БҰҰДБ мен ЕҚЫҰ орталығы қатысып отыр.