ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы тасымалдау қауіпсіздігі және саудаға ықпалдасу мәселелеріне арналған конференцияға қолдау көрсетуде
АСТАНА, 12 қыркүйек 2013 жыл – бүгін Астана қаласында Еуропалық экономикалық кеңістік аумағында тасымал қауіпсіздігін арттыру, транзитті жақсарту, тауарлар қозғалысын арттыру мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстанның құқық қорғау органдарының 250 жуық қызметкері мен прокурорлар бас қосқан ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференция өз жұмысын бастады.
Аталмыш іс-шараны Қазақстанның Бас прокуратурасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігімен және ҚР ішкі істер министрлігімен бірлесіп ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы өткізіп отыр. Өзге мемлекеттердегі қатысушылар конференция барысын бейнеконференция арқылы бақылап отырды.
Беларусь, Ресей, Украина сарапшыларын тасымалдау қауіпсіздігіндегі олқылықтар, төнетін қауіп, сондай-ақ шекара пунктері мәселелері мазалады. Конференция қатысушылары құрамына Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері кіретін Кедендік Одақ процедураларына баса ден қойып, тасымалдағы қауіпсіздік пен саудаға ықпалдасу мәселесінде тәжірибе алмасты.
«Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында ЕҚЫҰ елдерінің дамуы саласындағы алшақтықтарды азайту мақсатында Қазақстанның ЕҚЫҰ Төрағалығы ұсынған тасымалдау секторын фундаменталды тұғырдың бір бөлшегі ретінде дамыту идеясының өзектілігі арта түсті. ЕҚЫҰ елдерінің ынтымақтасуы, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы контекстінде бұл идея өзектілігін бүгін де жоғалтпады,- деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная.
«Кедендік Одақ аумағында артқан интеграция көліктің заңсыз сауда операциялары, тауар контрабандасы, есірткі тасымалдау, заңсыз көші-қон және лаңкестік шабуылдар мақсатында да пайдаланылуына жол ашты»- деді Бас тасымалдау прокуроры Ыбырай Тілеуғалиев.
«Біздің мемлекеттер Еуропа мен Азияны біріктіретін біртұтас тасымалдау дәлізі болып табылатынын ескере келе, біз осы мәселелерді өзара орындалатын іс-қимылдар арқылы шешуіміз қажет. Сол себепті де бүгінгі өткізіліп отырған конференция өз септігін тигізеді деген үміттемін».
Конференция ЕҚЫҰ Орталығы мен Бас Прокуратураның прокурорлардың экономикалық қауіпсіздік саласындағы әлеуетін, тәжірибесі мен дағдыларын арттыру жолындағы іс-әрекеттерінің бір бөлшегі болып табылады.