Қазақстандағы ЕҚЫҰ орталығымен бірлесе ұйымдастырылған адам саудасына қарсы күрес жөніндегі курстары адамның ішкі мүшелерін трансплантациялау және балаларды коммерциялық мақсатта асырап алу жағдайлары мәселелерін талқылауға бағытталды
АЛМАТЫ, Қазақстан, 20 маусым 2013 жыл – адам саудасына қарсы күрес саласындағы ең үздік тәжірибе жөніндегі полиция қызметкерлері үшін ұйымдастырылған екі күндік семинар-тренинг бүгін Алматыда басталды. Қатысушылар адамның ішкі мүшелерін заңсыз трансплантациялау, балаларды коммерциялық мақсатта асырап алу және еңбек әрі жыныстық қанау мақсатында адам саудасының фактілерін айқындау және анықтау мәселелерін талқылады.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Халықаралық көші-қон ұйымы, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды. Шараға 30 астам адам қатысты, олардың ішінде жоғары дәрежедегі судьялар, сонымен қатар жергілікті және Беларусь, Молдова мен Түркиядан келген халықаралық сарапшылар қатысты.
«Осы шарада қатысушыларға адамның ішкі мүшелерін заңсыз трансплантациялау немесе қаржылық пайда көру үшін балалар саудасы сияқты жағдайларды тиімді анықтау және оларға қарсы шараларды қабылдау бойынша тәсілдер таныстырылады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Колин МакКаллау. «Бұл ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы күрес жөніндегі негізгі бағыты және осындай шаралар елдің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруда маңызды қадамдар болып табылады».
«Қазақстан адам саудасын жоюға, сондай-ақ адам мен қоғамды осындай терең еніп бара жатқан қатерден тиімді қорғау бойынша кешенді шараларды дамытуға аса мүдделі», - деп қостады ІІМ Қылмыстық полиция комитеті төрағасының орынбасары Ерік Рахметов.