ЕҚЫҰ Орталығы қауіпсіздік саласын реформалау ісіне әйелдердің қатыстырылуын қолдайды
23 сәуір 2013 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік туралы 1325 Резолюциясын Қазақстанда жүзеге асырудың жолдары Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткен Ұлттық сабағаттық кеңестің орталық тақырыбы болды.
Жоғары қызметтегі ресми тұлғалар, парламент депутаттары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар Грузия мен Қырғызстаннан келген сарапшылар осы кеңесте қауіпсіздік саласын жетілдірудің гендерлік аспектілері мен алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені талқылады.
Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын жүзеге асыру бойынша ұлттық іс-қимыл жоспарды әзірлеудің ұсыныстарын қабылдады. Олардың ішіне құрамында азаматтық қоғам өкілдері бар іс-қимыл жоспарын дайындайтын ұлттық мекемеаралық мақсатты топты құру мәселесі де кірді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудна өзінің сөзінде 2013 жылы Украинаның ЕҚЫҰ-да төралығының басым бағыттарының бірі болып табылатын жоғарыда аталған резолюцияны жүзеге асырудың зор маңыздылыққа ие екендігін атап өтті. Зарудна ханым қатысушыларды бұл резолюцияны іске асырудағы ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттерінің тәжірибесімен таныстырып, Қазақстанның құқық қорғау органдарының, қауіпсіздік саласы.
қызметкерлерінің, әскери қызметкерлерді дайындау үшін ЕҚЫҰ Демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюросы шығарған «Гендер және қауіпсіздік саласын реформалау» атты жолнұсқасын пайдалануға ұсынды.
Бұл іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанда гендерлік көкейтесті мәселелерді шешудегі саясатты қолдау бойынша ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Әйел мен отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссиясы өткізген бұл шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және БҰҰ Әйелдер жөніндегі Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы қосалқы аймақтық бюросының тарапынан қолдауын тапты.