ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда су ресурстарын басқару және «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі дискуссияны қолдайды
Қызылорда, Қазақстан, 2013 жылғы 10 шілде – Бүгін Қызылорда қаласында Қазақстанның жасыл экономикаға өту жөніндегі ұлттық стратегиясының аясында су ресурстарын бірігіп басқару саласындағы ең үздік тәжірибелер жөніндегі халықаралық конференция басталды.
Осы шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Атқарушы дирекциясымен бірлікте ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Орталық және жергілікті билік органдарының, ХАҚҚ, бизнестің, ғылыми ортаның және Қырғызстаннан, Түрікменстаннан және Өзбекстаннан келген халықаралық әрі үкіметтік емес ұйымдардың 60 астам өкілі Сырдария өзенінің бассейндегі және Орталық Азияның шекаралас аудандарындағы су ресурстарын бірігіп басқару мәселесін талқылайды, сонымен қатар Қызылорда облысында «жасыл экономика» бойынша пилоттық жобалардың басым бағыттарын әзірлеуде көмек көрсетеді.
«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деген қазақ сөзі бар. Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік элементімен тұрақты экономикалық қоғамды құру үшін дұрыс стратегиялық жұмыс аясында күштерімізді біріктіріп, айқындауымыз керек, сондай-ақ бұл Арал теңіз аумағына кеңінен қолданылуы тиіс », деді конференцияның ашылу салтанатында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы, Елші Наталия Зарудная ханым.
««Қазақстан - 2050» Ұлттық стратегиясы аясында үкімет халыққа және ауыл шаруашылығына тұрақты су жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Су ресурстарының экологиялық компоненттері, атап айтқанда: экожүйелердің тұрақтылығы, балық шаруашылығын, экологиялық туризмді дамыту және табиғи ресурстарды сақтау өнеркәсіпті дамыту мақсатында зардап шекпеуі тиіс», - деді Қызылорда облысының Табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Еркебұлан Бекжанов.
«ХАҚҚ қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару саласындағы ЕҚЫҰ және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы айтарлықтай оң нәтижелерге алып келді. Қазіргі таңда біз Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі су ресурстарын бірігіп басқарудың ең үздік тәжірибелері туралы ауыз толтырып айта аламыз. Осы тәжірибелер Орталық Азияның басқа аудандарында және өзен бассейндерінде пайдаланылуы мүмкін»,- деді ХАҚҚ Атқарушы Комитеті төрағасының орынбасары Демесін Нұрмағанбетов.
11 және 12 шілдеде Орталық Азиядан келген тілшілер және қатысушылар жұртшылықтың аймақтың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемалары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Арал теңізінің аумағында «Экомедиа-десант» танысу сапарына аттанады.
Қызылордадағы конференция ЕҚЫҰ Орталығының бүкіл Қазақстанда жасыл экономиканы қолдауға бағытталған шараларының бірі болып табылады.