ЕҚЫҰ Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің жыл сайынғы есебінің ұсынылуын қолдайды
КӨКШЕТАУ, Қазақстан, 17 мамыр 2013 ж. - Бүгiн ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде (Солтүстiк Қазақстан) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық уәкiлдің (Омбудсмен) 2012 жылғы қызметі туралы есебi ұсынылды.
Іс-шараға 80-нен астам қатысушы, соның ішінде парламент депутаттары, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, азаматтық қоғам, ғылыми қауымдастық, халықаралық ұйымдардың өкiлдерi, сонымен бiрге университеттiң түлектері мен оқытушылары қатысты. Талқылау республика аймақтары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің кеңсесi арасындағы әрекеттесуді күшейту, соның ішінде өңірлік әрiптестiк тетiктер мен азаматтардың Омбудсменге жолдаған шағымдарын қарастырудың тиiмдi рәсімдерін құру жөніндегі мәселерді қамтыды.
«Омбудсменнiң кеңсесiмен елдегі адам құқықтары мәселелерін толығырақ қамтылуын қамтамасыз ету үшін аймақтық кеңселердi құрудың маңызы зор, және бүгiнгi іс-шара қоғам мен осы мекеме арасындағы диалогтың дамуына септігін тигізеді», - деді елшi Наталия Зарудна, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы.
Асқар Шәкiров, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiл: «Қысқа тарихи мерзiм ішінде Омбудсменнің мемлекеттiк билiк органдары мен азаматтық қоғам арасындағы делдалдық функцияны атқара отырып, елдiң саяси жүйесiндегі саяси-құқықтық тетiкке айналғаны Адам құқықтары жөніндегі институттың негізгі жетiстiктерiнің бірі болып табылады. 2012 жылы Уәкiлдің атына 35 мыңға жуық азаматтың мүддесін қозғайтын 15 мыңнан аса жеке және ұжымдық шағым түстi.
«Омбудсменнiң жыл сайынғы баяндамасы азаматтық қоғамның күшеюінің маңызды көрсеткiші болып табылады. Оның рөлiнің маңыздылығы жылдан жылға арта түсуде. Оның ұсынымдары практикалық қолданысқа ие», - деп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсi Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнің төрағасы Рахмет Мұқашев ерекше атап өтті.
Соңғы жылдары Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің кеңсесiмен бiрлесе отырып, осы институттың ұйымдық және техникалық әлеуетін күшейту, оның өңірлердегі ақпараттық қатысуын кеңейту жөнінде, сондай-ақ Омбудсменнiң азаматтық құқықтарды қорғаудағы рөлiне қоғамның назарын аудару бойынша жобаны және кейінгі бірқатар іс-шараны іске асырды.