ЕҚЫҰ Қазақстанның шекара қызметтерінің офицерлерін қылмыспен, лаңкестікпен күресу әдістеріне үйретуде
Қазақстанның шекара және кеден қызметтерінің 20-дан астам өкілі Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 2013 жылғы 19 маусымда басталған үш күндік семинар кезінде ұйымдасқан қылмыспен және лаңкестікпен күресу әдістерін табысты үйренді. Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Орта Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Шекарашылар, кеденшілер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ оның аймақтық бөлімшелерінің өкілдері семинар қатысушыларының құрамына кірді. Қатысушылар сценарийлер мен модельдер құру әдістері арқылы ұйымдасқан қылмыспен және лаңкестікпен күрестің негізгі аспектілерін үйренді.
Аталмыш шараның өткізілуі ұйымдасқан қылмыстан, лаңкестіктен болатын қауіпсіздік қауіптерімен күресуде Қазақстанның ведомствоаралық ынтымақтастығының маңыздылығын, сонымен қатар шекаралар арқылы және өңір деңгейінде ынтымақтасатын мекемелердің маңыздылығын баса көрсетті.