ЕҚЫҰ Қазақстанның кедендегі жемқорлықпен күресуді дамытуды қолдады
2013 жылдың 15 сәуірінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен кедендік әкімшіліктегі жемқорлықпен күрестің дамыуына арналған үш күндік семинар басталды.
Семинар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мен Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) бірлесе ұйымдастырылды. ДКҰ мүше елдердің кедендік басқармаларында жемқорлықпен күрестің дамыуын қолдауға арналған жалпы оқу құралы болып табылатын ДҚҰ жемқорлықпен күресті дамыту нұсқаулығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.
Жапония, Исландия және Словениядан келген сарапшылар Қазақстан Республикасының барлық аймағынан келген 30 жуық кедендік басқармалардың қызметкерімен өз тәжірибесі мен озық практикаларымен бөлісті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная ханым, мүмкіндіктерді арттыру ұлттық кедендік органдардың тиімділігі арттыруда, атап айтқанда сыбайлас жемқорлықпен күресуде негізгі құралы болып табылатындығын баса айтты.
Оқыту бағдарламасы кедендегі сыбайлас жемқорлықтың әсерін бағалауға, озық тәжірибелермен алмасуға және мемлекеттік және жекеменшік сектордың жемқорлықпен күресуде ынтымақтасу мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Оған қоса, бағдарлама аясында қайта қарастырылған Аруш Декларациясына сәйкес жемқорлықпен күресті дамыту бойынша шараларды жоспарлау бойынша ұсыныстар берілді.