ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы саяси партиялар жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша rонференция өткізілуде
АСТАНА, 2013 жылдың 7 маусымы – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы саяси партиялар жүйесін және парламенттік фракциялар жұмысын жетілдіру мәселесі бойынша халықаралық конференция өткізілді.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен, «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры» үкіметтік емес ұйыммен, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігімен және Варшавадағы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюромен бірлесе отырып өткізілді.
Шараға 60 жуық саяси партиялардың жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер, Парламент мүшелері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қырғызстаннан, Моңғолиядан әне Швециядан келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстандағы партиялар жүйесінің жұмысына, басқарудың демократиялық әдістемелерін дамыту және жылжыту және Қазақстандағы үш парламенттік фракция тап болатын қиындықтарға қарату мәселелерін талқылады.
«Партиялар басқару органдары мен қоғам арасында қоғамдық сұраулар мен қажеттіліктерді саяси идеялар мен бағдарлама пішіндеріне енгізу мағынасында да, үкімет қызметін бақылауды жүзеге асыру мағынасында да байланыстырушы тізбек рөлін атқарады», - деді Елші Наталия Зарудная, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы. «Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, толық қанды саяси плюрализмге қол жеткізу мемлекеттер тоталитаризмнен демократияға өту барысында тап болатын күрделі қиындықтардың бірі болып табылады».
«Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының» Президенті Зәуреш Батталованың айтуынша: «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының парламенттік және партиялық институттары бастарынан тұрақтану және даму кезеңін өткеруде. Біз Қордың атқарған жұмысы жобамызды жүзеге асырудың негізгі мақсаттарына: парламенттік жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын партиялардың саяси жүйедегі рөлдерін және олардың қоғаммен байланыс деңгейін арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз».