ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы кибер-қылмысты тергеу техникаларын дәріптеуде
АСТАНА, 12 наурыз 2013 – Бүгін Астана маңыдағы Қосшыда, Қаржы полициясы және оның Академиясы, Жоғарғы сот, Бас прокуроратура, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті, үкіметтік емес ұйымдар мен орталық және коммерциялық банктер, полиция мен басқа да хұқық қоғау мекемелерінің қызметкерлерін жинаған төрт күндік тренинг басталды.
АҚШ, Түркия және Украинадан келген халықаралық сарапшылардың бастауымен өткізіліп отырған дәрістер кибер-қылыстың ғаламдық сипатын, ақпараттық және байланыс технологияларының қауіпсіздігін және Қазақстандағы түрлі қылмыстық топтардың дамыған компьютер жүйелерін қиянат мақсатында пайдалануын қамтыды.
Осы тренингке Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қаржы полициясының Академиясы және Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мұрындық болып отыр. Тренинг мақсаты қатысушылардың кибер-қылмысты сәтті анықтап қана қоймай сонымен қатар оның дұрыс тергеу білуді баулу. Дәрістер қатысушылардың арнайы қажеттіліктерін қамтып және кибер-қылмысты анықтау мен тергеу, қаржыны жылыстау мен лаңкестікті қардыландыруға қатысты ең жақсы тәжірибелер мен құралдарды ескере отырып құрастырылған.
«Кибер-қылмыс біздің қоғам үшін жаңа және өсіп келе жатқан қатер. Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан үкіметінің кибер-қауіпсіздік мәселелерін толық қанды қарастыруын қолдап келеді»,- деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Елшісінің орынбасары, Жаннет Клетцер ханым.
«Кибер-қылмыс жасырыну деңгейінің жоғарлығымен және анықталу деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Осы орайда, тек жеке адамдар ғана емес, сонымен қатар тұтас мемлекеттер де осы қылмыс құрбаны болуы әбден мүмкін. Елеіміздің қауіпсіздігін нығайтуда халықаралық әріптестеріміздің көрсеткен қолдауына өзіміздің алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз», - деді Қаржы полиция Академиясы басшысының қызметін уақытша атқарушы, Михаил Бонк мырза.
Аталмыш тренинг Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы жүргізіп отырған кемелденген басқару мен қауіпсіз қоғамды нығайту бағытындағы іс-шаралары аясында Қазақстандағы ұлттық мүдделі топтар, Венадағы ЕҚЫҰ Секретариаты мен халықаралық ұйымдармен әріптесе отырып жасалған іс шаралар бөлігі.