Испанияның ұлттық полициясы 2017 жылы 8 маусымда Алматыда ЕҚЫҰ-БҰҰ ЕҚБ бірлескен іс-шарасында сату мақсатында ұрлау жағдайларын тергеу және шешу жөнінде оқыту курсын өткізеді
Ұрлау жағдайларын шешу және тергеу үшін Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның үкіметтік сарапшыларының әлеуетін күшейту Алматыда, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығында (ОАӨАҮО) 2017 жылы 5-8 маусым аралығында ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптер департаменті (ЕҚЫҰ ТҚД) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырған төрт күндік курстың назарында болды.
Курсты Испанияның ұлттық полициясының сарапшылары, ұрлау мақсаты елдегі немесе шетелдегі азматтар болатын жағдайларда өздері қолданатын озат тәжірибе мен нұсқаулықтар негізінде өткізді. Оған ұрлау жағдайының түрлі кезеңдерінің уақытына орай әрекет ету, келіссөз жүргізетін команда құру, жақсы келіссөз жүргізуші бейіні мен байланыс тактикасын жасау бойынша оқыту сессиялары кірді. Бұл сессиялар техникалық пікірталастармен және Испанияның Ұлттық полициясы бұрын істес болған нақты жағдайларға негізделген сабақтармен толықтырылды.
Іс-шара ланкестік топтар сатып алу мақсатында ұрлау арқылы қаражат жинау жолдарын іздейтін көздердің бірі болып табылатын терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет етудегі ЕҚЫҰ жұмысының бір бөлігі болып табылды. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2133 Қарарында және оны іске асыруды қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ Министрлік деларациясында ескертілген, екеу де 2014 жылы шыққан.
«Террористік ұйымдарға қарсы әрекет ету жөніндегі аса тиімді құралдардың бірі оларды қаржыландыруды тоқтату болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық арқылы сату мақсатында ұрлаудың алдын алу және күрес, кінәсіз адамдардың өмірін қорғайтын тиімді тәсіл болып табылады», - деп атап өтті Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Колин МакКаллоу. «БҰҰ ЕҚБ ұрлауға және бопсалауға қарсы әрекет ету оқулығында ескерілгендей, ұрлау жағдайларына қатысты құқық қорғау органдарының тиімді жауабы мемлекеттік органнан стратегияны және шұғыл шешім қабылдау үдерісін талап етеді».
Бұл өңірлік оқыту іс-шараны БҰҰ ЕҚБ берген қосымша қаржыландырумен бірге Лихтенштейн, Испания мен Швейцария ЕҚЫҰ ТҚД жобасын бюджеттін тыс қаржыландыру арқылы қолдады. Бұл іс-шара Сату мақсатында ұрлауға қарсы әрекет ету департаменті жұмысының шеңберінде осы сәтте жоспарланған төртінші және қорытынды іс-шара болып табылады.