ЕҚЫҰ Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын жүргізуге жәрдемдесуде
АСТАНА, 13 желтоқсан 2013 жыл – Жергілікті деңгейдегі тиімді басқару бүгін Астана қаласында аяқталған екі күндік іс-шараның басты тақырыбы болды.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Польша Республикасы Елшілігінің қолдауымен Аймақтық даму және экономика министрлігімен, «Сорос-Қазақстан» қорымен және Конрад Аденауэр қорымен ынтымақтастықта дөңгелек үстел мен оқыту семинарларын ұйымдастырды.
Парламент, Аймақтық даму және экономика министрліктері, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ел аймақтарының жаңа сайланған әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың реформалану мәселелерін қарастыру үшін бас қосты.
Шара барысында Қазақстаның ауылдық аймағында ЕҚЫҰ қолдауымен іске асырылып отырған екі пилоты жобаның аралық нәтижелеріне баса мән берілді. Венгрия, Польша және Ұлыбритания елдерінің сарапшылары көпшілік назарына қалалар мен ауылдарда тиімді әрі ашық басқару жүйесін қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген үздік құралдар мен тәжірибені таныстырды. Қатысушылар реформаның 2015 жылға жоспарланған екінші кезеңінің ескерілуімен Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды жақсарту бойынша мемлекеттік органдарға арналған бірқатар ұсынымдар дайындады.
«Жергілікті өзін-өзі басқару тегіс қамтитын демократиялық шешім қабылдаудың және әлеуметтік-экономикалық салада тиімді басқарудың ажырамас бөлшегі болып табылады. Өйткені ол азаматтардың жаппай қатысымын қамтамасыз етіп, жергілікті билік адамдар алдында есеп беретіндей дәрежеге жетуге көмектеседі. Осы концепцияның жүзеге тиімді іске асырылуын қамтамасыз еткен кезде халықаралық тәжірибеге ерекше мән беру керек», деді Астанадағы орталықтың басшысы, елші Наталия Зарудна.
Аймақтық даму вице-министрі Серік Жұманғарин реформаны қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлар туралы айта келе былай деді: «Жергілікті өзін-өзі басқару реформасының бірінші кезеңінде қазіргі жүйенің төменгі деңгейіндегі басқарудың практикалық механизмдерін қолдану мен қаржыландыру шараларының әлеуетін қеңейтуі арқылы жүзеге асырылады. Біз 2015 жылдан бастап, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының айқындалуын, сонын ішінде бюджетті жоспарлау мен муниципалды меншік институтының енгізулуін жоспарлаудамыз».
Мұндай іс-қимылдар Орталықтың Қазақстан аумағында тиімді басқару мен демократияландыруды дамытуда жүзеге асырып отырған жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады.